ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
2022 жылдың 31 наурыз күні "AMANAT " партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы Аймақтық даму бағытындағы қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, "Атамекен" ҰКП аудандық филиал директоры Бибигуль Мухасовна Джумагулованың төрағалығымен өтті. Кеңес отырысында Бөкей ордасы ауданының ТЖБ-нің бастығы азаматтық қорғау капитаны А.Сагитов, дала өрттерін алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Салық түсімдерінің жиналу барысы туралы Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма басшысы Р.Гумаров баяндады. Кеңес мүшелері ұсыныс, пікірлерін айтты. Соның ішінде Бисен ауылдық округтегі өрт сөңдіру техникасың жөндеу туралы, дала өрттерін алдын алу жұмыстарың ертерек бастау туралы, тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар. Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
#QoğamdyqkeŋesBökeiordasy
