ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
Отырыста аудандағы мемлекеттік мекемелердің "Мемлекеттік сатып алу" Заңына сәйкес өткізген конкурстары және алдағы жоспарлары туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуов баяндады.
Елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ел Президентінің бағдары туралы "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты И.Құрмашев хабарлама жасады. Отырысқа қатысқан Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сұрақ, ұсыныстарын айтты. Әсіресе, алдағы уақытта тұрғындарды мазалайтын сұрақтар бойынша ,жол,денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелердің бақылауын күшейтіп, жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, аталған мәселелердің шешілуін қарастыру қарау керек.
