ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Бүгін оффлайн форматында «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Төрағалық етуші: Қайырғалиева Лариса Тельманқызы, отырысқа кеңес мүшелері: Ш.Абдуллин,
А.Белисанов, Н. Зайнуллина және И. Құрмашев - аудандық мәслихат депутаты, Қ. Елемесов –партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі екі мәселе ұсынылады:
1.Орда ауылдық округі әкімі аппаратында, сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы тыңдалды.
2.Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратында, сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы тыңдалды.
Отырыста Орда ауылдық округі әкімі Сисенов Медет Исаұлының және Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қарағойшин Мирас Сағынғалиұлының баяндамасы Zoom қосымшасы арқылы тыңдалды.
Күн тәртібіне сай, отырыстың қаулысы қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
