Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылдың 27 қазан «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі» Қоғамдық Кеңес санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн-форматта өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер аудандық маслихат депутаты С.Аманбаев төрағалығымен қаралды.

Күн тәртібінде: Агроөнеркәсіптік кешен саласында, «Тасқала Құс» ЖШС фермасының 1 әлеуметтік және маңызды инвестициялық жобасын іске асыру және Тасқала ауылдық округі аумақтағы суармалы жерлерді кезең-кезеңімен кеңейту мәселелері қаралды. Жоспарланған шаралардың уақытылы орындалуы және өзекті мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды.

0
0
162

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz