ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Бүгін оффлайн/онлайн форматында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы аймақтық дамыту бағытындағы қоғамдық кеңестің кезекті (төрайымы Б.Джумагулова) отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері И.Құрмашев, А.Түсіпқалиева, А.Аманғалиев, Н.Зайнуллина және аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева қатысты. Күн тәрітібінде 1 мәселе қаралды. Ол аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобильдер жолдары саласында ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары. Баяндамашы: аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуов.
Күн тәртібіне сай, отырыстың қаулысы қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
