ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы Білім, ғылым, ұлт денсаулығы бойынша қоғамдық кеңестің (төрайымы М.Мұхамжарова) отырысы онлайн режимде өтті. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1) 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша білім саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды тыңдау;
2) аудандық педагогикалық түзету кабинетінің жұмысы туралы.
Отырыстың қаулысы қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, келесі отырыста І жартыжылдық бойынша медицина саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар және Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын-алу (провизорлық стационар, екпе салдыру т.б.) бағытындағы жұмыстар талқыланатын болады.
