ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңес санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер «Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі» кеңесте (төрайымы Дакишева Э.М) ауылдық округтардың әрқайсысындағы қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек көрсету орындарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
