ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы «Білім және денсаулық дамыту сұрақтары бойынша Қоғамдық Кеңес санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер аудандық маслихат депутаты А.Нагиеваның төрағалығымен қаралды. Күн тәртібінде:
1.«Білім және денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңарту»;
2. «Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету (мектеп жасындағы балаларға арналған киім, аяқ киім, ыстық тамақтануды қамтамасыз ету)» мәселелері талқыланды.
Кеңес мүшелері алдын ала көрсетілген сұрақтар бойынша денсаулық және білім саласындағы нысандарға барып: 3 жалпы орта мектептердің күрделі жөндеуден өтуі, мектептер санитарлық талаптарын орындау барысында жаңа оқу жылы басталуына дайын екенін, бейне бақылау камераларымен 100 % қамтылғаны, денсаулық саласында жалпы тұрғындарға жаңадан оңалту бөлімі, тұзды шахталар ашылғаны, массаж креслолары мен тіс емдеу жабдықтары алынғаны нәтижелі жұмыстар бар екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
