ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы «Білім және денсаулық дамыту сұрақтары бойынша Қоғамдық Кеңес санитарлық талаптарды сақтай отырып офлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен өтті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер аудандық маслихат депутаты С.Аманбаев төрағалығымен қаралды. Күн тәртібінде:«Қаржы институттары арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту («Еңбек» мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алу» мәселелері қаралды. Жоспарланған шаралардың уақытылы орындалуы және өзекті мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды.
