ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ОРЫНДАЛДЫ.
Ағымдағы жылдың тамыз айында ZOOM платформасында партияның аудандық филиалы жанындағы экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өткен болатын. Кеңестің күн тәртібінде "Орда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау" мекемесінің 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстары қаралып, талқыланды. Сол жиында Хан ордасы ауылы аумағында құм көшкінін тоқтатудың алдын-алу бойынша ағаш отырғызу жұмыстары көтерілді. Жиында мекеме басшысы А.Әлсейітов аталмыш жұмыстар қолға алынатын баяндаған болатын. Қазіргі күні осы бойынша 95 га жерге ағаш көшеттерін отырғызу, 22 га жерге орман екпелерін жүргізу бағытында жұмыстар жасалуда.
