ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Оған Қарасай аудандық мәслихат депутаттары – Сунбеков Бекжан Батырбекұлы мен Балажанова Айжан Талғаткызы, Жамбыл аудандық мәслихат депутатты Жүнісов Айдын Серікұлы және «Атамекен» газетінің журналисі Елдар Еркінұлы Жақыпбеков тағы бірқатар ардагер журналистер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының атқарып жатқан жұмыстары, бүгінгі таңдағы жолдардың сапасы мен өзекті мәселелер төңірегінде филиал директоры Жасұлан Махамбетұлы Керімқұлов қысқаша айтып өтті. Ол өз сөзінде жол сапасына үлкен нұқсан келтіретін ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының келтіріп отырған зиянына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдағы кейбір бұзақылардың өрескел әрекеттерінің салдарынан жол белгілері жарамсыз болып немесе мүлде жоғалып кететініне бірнеше мысал келтірді. Атап айтқанда, ауыл маңындағы жолда тұрған көрсеткіш белгілерді ұрлап алып, үйіне құрылыс материалдырана пайдаланған, немесе еріккен ақымақтардың жол белгілерін майыстырып, сындырып, құлатып кеткен фактілері де кездескен. Міне осы сияқты толып жатқан кемшіліктердің алдын алу шараларына қоғам белсенділерін, халық қалаулыларын және бұқаралық ақпарат құралдарын атсалысуға шақырды. Отырыс барысында депутаттар өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды. Соңында жиналғандар ғимарат ішін аралап, зертхана жұмыстарымен, жылжымалы зертхана көлігінің атқаратын ісімен танысты. #Jolsapa #jolsapa_bizbirgemiz
