Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ АХУАЛ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

12 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің біріккен отырысы өтті. Біріккен жиында балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың жәйі, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасының» 2021 жылы орындалмау қаупі бар іс-шаралары және оны еңсеру мүмкіндіктері, ауданда ағымдағы жылға белгіленген құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысы, пандемияға қарсы екпе алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды. Отырыс күн тәртібіне белгіленген мәселелерге қатысты хабарламалар тыңдалып, толық талқыланып, түйткілді мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы құрылыс, денсаулық сақтау саласы, жалпы қоғамдық ахуал партияның назарында екендігін тілге тиек етіп, бақылау жүргізіліп тұратындығын атап өтті.

0
0
227

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ АХУАЛ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА - Yvision.kz