ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кентау қалалық мәслихатына кандидат Рахмет Үсенбек Рахметұлы және Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Садуов Талғат Нұралыұлы, штаб мүшесі Оңдасынов Ғалымжан Қошантайұлы қабылдау өткізді.
Қабылдауға 6 азамат өтініш білдірді. Олардың мәселелері бойынша ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктеме берілді.
