ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдауды жалғастыруда.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары жеке және қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге байланысты өтініштерін айтуда. Айтылған өтініштердің біразы сол жерде оң шешімін тапса, кейбірі мамандардың араласуын қажет ететіндіктен бақылауға алынуда. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, заңдық кеңестер берілуде.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлмесі аудан тұрғындарын кез-келген жеке және қоғамдық мәселелері бойынша қабылдайды.
