ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТУДЕ
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТУДЕ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдау жалғасуда.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келушілердің бірі Мырзакент кентінің тұрғыны Дильшода Шакирова әлеуметтік және материалдық көмек пен жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп беруді өтінді. 4 баланың анасы да, жолдасы да жалдамалы жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Мемлекеттен жәрдемақы алу бойынша көмек сұрайды.
Ал, Манураш Турусова қызының отбасылық жағдайына байланысты алимент өндіру бойынша өьініш білдірді.
Ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерден түрлі әлеуметтік, отбасылық және құқықтық мәселелері бойынша келген азаматтардың сұрақтарымен танысқан «Nur Otan»-дықтар қолбайлау болып отырған жағдаяттар бойынша тиісті органдарға тапсырмалар беріп, орындалуын жеке бақылауға алды.
