ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін, Күршім ауданының санитарлық эпидемиологиялық қадағалау дәрігері Сәдуақасова Меңдігүл Қабдылқызы санитарлық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Алғабас ауылында көшпелі қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері ауыл көшелерінде светтің жоқтығы және де көң, қоқыс төгетін орын тазаланбауы бойынша өтініштерін білдірді.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері заң аясында түсінік беріліп, оң шешілуіне ықпал жасалатындығы жеткізілді.
