ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.
Бүгін “Nur Otan”партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана Ешматқызы аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша онлайн форматта Whatsapp жүйесі арқылы да қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда аудан тұрғындары жұмысқа орналасу ,тұрғын үй кезегіне тұру,көше жарықтары мәселелерін айтып, өтініштерін білдірді.
Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың да мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді.Екі өтініш білдірген ауыл тұрғындарының мәселелері бойынша ақылы негіздегі қоғамдық жұмысқа орналастырылды және тұрғын үй кезегіне тұру egov порталы арқылы құжаттары тапсырылды.Сонымен қатар жарықтандыру бойынша тиісті мекемеге хат жолданды.Қоғамдық қабылдауға түскен әр өтініш партия назарында.#NurOtan
