Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін 30 желтоқсан күні сағат 17.00-18.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенімді өкіл Маденов Шаурахмет азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау кезінде Күршім ауылының тұрғыны Дарыбаева Жанар Діңгек мөлтек ауылдары таза ауыз сумен қамтылса, Хасенова Гүлзира жеке кәсіп ашу үшін қайтарымсыз грант ала аламын ба деп сауал жолдаса, Мұқашбаева Жанар шалғай елді мекендерде Терісайрық, Сарықамыс, Бөкенбай ауылдарында интернет желісінің сапасы нашар екенін айтып ұсыныс, өтініштерін білдірді.

Азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.

0
0
148

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ - Yvision.kz