Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

Бүгін 24 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Маралды ауылдық клубында мәслихат депутаттығына үміткер Төлебаев Жандос Тоқтарбекұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарды өтініштері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Азаматтарды қабылдау барысында азаматтардың көкейлеріндегі мәселелері тыңдалды.

Қабылдау барысында Маралды ауылының тұрғыны Қабылқайыров Досхан Маралды - Үшбұлақ, Маралды - Бурабай бағытындағы тас жолдар жөнделсе деп сұрақ жолдаса, Елеуханов Дамир ұялы байланыстың сапасы өте нашар деген өтініштерін қалдырды.

Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірілді.

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. - Yvision.kz