Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткері А.Ақынғазиева және де партия сенім білдірген азаматтар аудандық сайлауалды Штабында аудан тұрғындарын қабылдады.

Келушілердің арыз-шағым, талап-тілектерімен танысып үміткерлер мен сенімді өкілдер азаматтардың өтінішіне, заң талаптарына сай жауап берді. Сонымен қатар қоғамдық қабылдауға келген азаматтар партия тарапына алғыстарын білдіріп,алдағы науқанда сәттілік тіледі!

Үміткерлер мен сенімді өкілдер 2021жылы 10-қаңтарында болатын сайлауға аудан тұрғындарын ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ - Yvision.kz