ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛУДЕ
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларға байланысты қойған мәселелерінің оң шешілуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл орайда «нұротандықтар» көмек сұраған жандарға қол ұшын беруден тартынған емес.
Осы мақсатта бүгін Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындарына өтініштеріне сәйкес тиісті кеңес берілді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
