Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӘРІ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Д.Айтбаев, А.Омаров, Ә.Катаев, Д.Омаров және Д.Хангельдиева жүйелік кестеге сәйкес аудан тұрғындарының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізді. Леңгер қаласы және елді мекендерден келген азаматтардан спорт, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек, білім саласына қатысты түскен сұрақтарына заң аясында жауап берді.

Атап айтсақ Боранбаева Гавхар деген азаматша

мектеп жасындағы баласына әлеуметтік қолдау ретінде тегін берілген планшеттің ақауы бар болғандықтан басқасына ауыстырып беруін сұранды. Бұл мәселе де оң шешімін табатын болды.

Бұдан бөлек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ә.Катаев, Д.Омаров, Д.Хангельдиева, А.Омаров келген тұрғындарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӘРІ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ - Yvision.kz