Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА

13 сәуір күні Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Есімғалиұлы Жақыпов онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында депутатқа аудан тұрғыны тұрақты жұмыс бойынша сауал жолдап, көмек сұрады. Қайрат Есімғалиұлы тұрғынның өтінішін қанағаттандырып, мәселені шешуге атсалысатынын жеткізді. Сонымен қатар депутат қабылдауға жазылған азаматтарға партияның Казталов аудандық филиалының 2025 жылға арналған бағдарламасы негізінде әзірленген «Жол картасын» түсіндіріп берді.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
120

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА - Yvision.kz