ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ҚОҒАМНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ
Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады. Қабылдау бөлмесінің жетекшісі Салман Дүкенбаев пен штаб мүшесі Меруерт Даубаева тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға келген аудан жастар негізінен білім, спорт, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында елдегі жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдарын сұрады. Жас отбасылар мен аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя мүшелерін баспанамен қамту жайында ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қоғамдық қабылдау барысында штаб мүшелері айтылған әрбір өтініш пен ұсыныстар бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар берді. Хаттамаға енгізді.
