ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДА
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДА.
«Nur Otan” партиясының Шыңғырлау аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды «Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана жүргізді. Онлайн және офлайн өткен қабылдауға аудан тұрғындары келіп, өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше тұрғынның мәселесін сол мезетте жауапты мамандарға хабарласу нәтижесінде, шешімін тапты. Оң шешімін тапқан мәселелер көпбалалы ананың тұрғын үйдегі газ қондырғысын тазарту,жалғызбасты анаға материалдық көмек тағайындау болса өз бизнесін ашу мақсатында грант бойынша Ақшат ауылының тұрғынынан түскен өтінішке аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы толық мәлімет берілді. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz #Shyngyrlaudeputies2021
