kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №136 «нқ» бұйрығымен бекітілген, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің стандартына сәйкес аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдары және аудандық мәслихат депутаттары партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізетін қоғамдық қабылдауға қатысуы қарастырылған.

Осыған орай партияның ықпалымен бекітілген кестеге сәйкес, "Nur Otan" партиясы Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің жеке қабылдауы өткізілді. Қабылдау барысында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына қатысты өтініштер қаралып, өтініш иелеріне Қазақстан Республикасы заңдары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.