ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
Тұсаукесер рәсіміне штаб мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәжілісі, және қалалық мәслихат депутаттарына кандидаттар, партия ардагерлері қатысты. Тұсаукесер рәсімін сайлауалды штаб жетекшісінің орынбасары Бекайдар Мұсаұлы Тулегенов кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізгі міндеттері мен арнайы бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін қабылдаулар туралы түсіндіре келіп, қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Партия ардагерлерінің атынан Тұяқбаев Бердіқұл Исаұлы сөз сөйлеп, партияның сайлауалды бағдарламасын қолдау, барынша тұрғындар арасында насихаттау, ауыз біршілікпен ынтымақ танытып, сайлау науқанын жауапкершілікпен, жоғары деңгейде өткізуге партия мүшелерін атсалысуға шақырды. Тұсаукесер рәсімінен кейін сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне партиялық тізім бойынша кандидаттар Ж.Н.Таңатарова және Б.Ә.Әшірбаев азаматтармен қабылдау өткізді.
