ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Аудан басшысы Шалқар ауылының тұрғыны Құрмет Хайрованы онлайн форматта қабылдап, өтініш-тілегін тыңдады. Шалқарлық тұрғын жайылымдық жердің жағдайын айтып, өзі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер сұрайды. Аудан әкімі арнайы конкурсқа қатысу арқылы жерді алуға болатындығын жеткізді.
Теректі ауылы тұрғыны Сәуле Бердіғалиева бірден бірнеше мәселені көтерді. Ол аудан орталығында мектеп салу, Солтүстік көшесінің жолын жөндеу және Бекей ауылын көгілдір отынмен қамту мәселесін тілге тиек қылып, нақты жауап ала білді.
Шаған ауылдық округіне қарасты Кемер ауылының тұрғыны Татьяна Бақтығалиқызы отбасылық жағдайын айтып, атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша туындаған сауалдарын қойды.
