Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде барлық санитарлық нормалар сақталып қабылдаулар өтуде. Азаматтарды аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары бекітілгене кестеге сәйкес онлайн және оффлайн қабылдайды.

Аудан тұрғындары көбіне тұрғын үй, жер телімі, жұмыспен қамту, материалдық көмек жөнінде өтініштерін айтып келеді. Бір қатар мәселелер оң шешімін тапса кейбір мәселелер бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп кеңестер беріледі.

Қаңтар айында Теректі аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиевке Ақжайық ауылындағы тұрғын үй құрылысында жұмыс жасап еңбек ақысын ала алмай жүрген Орал қаласының тұрғындарының мәселесі оң шешімін тапты.

Партия филиалының қоғамдық қабылдауы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі, 16 мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 8 (71132)-23-2-98, 87059653524

0
0
191

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz