Бүгін аудан әкімі,«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Қ.Кашкимбаев жоспарланған кестеге сәйкес аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында жол инфра-құрылымы, ауыз су мәселесі, әлеуметтік тақырыптар қозғалды. Қабылдауға келген азаматтар аудандық партия филиалының төрағасына сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.