ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Бүгін Мұнайлы ауданында қоғамдық қабылдау өткіздім.
Қабылдауымда Дүйсенбаева Ақбілек атты азаматша болды. Жолдасы дүние салған, қолындағы баласы үйленген. Негізгі мәселесі: балаға жұмыс керек.
Жасыратыны жоқ, "партия атаулыға сенбеймін"-. дейді. Бұл да әр азаматтың өз еркі, өз таңдауы, әрине. Бірақ, сіздің мәселеңізді шешуге қабілетті бір ғана партия бар, ол - “Nur Otan” деп, түсіндірдім. Партияның жоспарында жұмыссыздықты жоюға байланысты нақты механизмдер қарастырылғанын айттым.
Тағы бір қабылдауыма келген Нұрбекова Қалыш есімді азаматша үйінің жоқтығын айтады. Жаңаөзен қаласында үйдің кезігінде 500-болып тіркелген екен. Болашақта Ақтау қаласынан үй алу жоспарым бар, дейді. Жолдасы жұмыссыз, осыған байланысты көмек сұрап келген.
Екі азаматқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы түсіндіріп, жұмыссыздық, үй мәселесінің “Nur Otan” партиясының басты бағдарламаларының қатарында екендігін жеткіздім.
“Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз”.
#NurOtan
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
