ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Бүгін бағдарламаға сәйкес Жаңаөзен қаласының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жаңаөзен қалалық депутатына үміткер ретінде тұрғындарды қабылдаған болатынмын. Қабылдау барысында жастарымыз жұмыссыздық мәселесін шешуге ат салысуды сұрады. Және басқа азаматтар жеке қабылдауға келе алмай, бірнеше мәселені электронды түрде жолдады.
Олар:
1.Амансыңба Шәріп інім!
1992жыл Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезеңде өз алдына мемлекет болып қалыптасып келе жатқан бірқатар елдерге ауыр тиді. Тәжік – Ауған шекарасы арқылы есірткі мен қару жарақтың тоқтаусыз өтуі Тәжікістанға ғана емес, көршілес елдердің тыныштығына қауіп төнді. Сол кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ел басшыларының шешімімен Тәжік – Ауған шекара аумағын қорғайтын біріккен күш құрылды. Аталған шешімге сәйкес, Қазақстан Республикасы құрама атқыштар батальон жасақтап 1992-2001 жылдар аралығында Тәжік – Ауған шекарасына өз әскерін аттандырды. Тоғыз жылға созылған бітімгершілік операция барысында, содырлармен арада орын алған қарулы қақтығыстар кезінде 46 жауынгеріміз қаза тауып көптеген сарбазымыз жарақат алып елімізге оралды.
Қазіргі таңда Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарымыздың құрметіне, еліміздің облыс, қала өңірлерінен ескерткіш орнату рәсімдері өтіп жатыр.
Осы жоғарыда аталған деректерге сүйене отырып, Сізден Жаңа өзен қаласының Тәжік – Ауған ардагерлері атынан қаламыздан ескерткіш орнатуға орын белгілеп беруге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Құрметпен Жаңа өзен Тәжік – Ауған ардагерлері.
2. Арай2 яғни Бостандық ш/а 10-11-12-13-14 көшелерін кесіп өтіп негізгі жол бойына, жарық шамдары орнатылған ара қашықтықтары өте алшақ, әрі ескірген, 3жылдай болды тіпті жанбайды, жарық жоқ Негізі нағыз жарық керек негізгі жол автокөлік көп жүреді, балаларда көп жүретін көше өйткені мектеппен балабақшаға баратын жол.
Тратуар жоқ, асфальттың шет жақтары ойылып жатыр. Жауын шашын кезінде жаяу жүргіншілерге, балдарымызға өте қиын, қараңғы көшемен асфалт жағалап жүру.
(өткендегі жол белгілері өзгертілген "Жібек жолы" базары мен "Музыка мектебі" арасындағы жол)
3. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы проблемалар.
Жүргізуші куәлігін алу, экзамен тапсыру т.с.с мәселелер. Бұл шаруа үшін Маңғыстау облысының әр аймағындағы тұрғындарымыз Ақтау қаласына баруға мәжбүр.
, Сізден бүгінгі қоғамдық қабылдау кезінде азаматтардың көтерген мәселесін шешіп беруді сұраймын! Рақмет!ҚұрметтіЕлубай Абилов,Мақсат Ибағаров
Құрметпен Шәріп Жалғасбайұлы!
