Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

05 қаңтар күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 48 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 3, ауызша түрде 18, телефон арқылы 27.

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 4 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 3 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 8 сұрақ, денсаулық саласы бойынша 4 сұрақ, банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі бойынша 4 сұрақ, кәсіпкерлік бойынша 5 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 14 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, білім саласы, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 38 өтінішке түсініктеме беріліп, 10-ы бойынша жұмыстар басталды.​ ​ 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: 📲 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz