ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 4 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 3 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 8 сұрақ, денсаулық саласы бойынша 4 сұрақ, банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі бойынша 4 сұрақ, кәсіпкерлік бойынша 5 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 14 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, білім саласы, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 38 өтінішке түсініктеме беріліп, 10-ы бойынша жұмыстар басталды. 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: 📲 8 (7292) 42 97 37, 8 778 387 46 43







