ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 2 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 2 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 9 сұрақ, денсаулық саласы бойынша 4 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 16 мәселе айтылды. Сондай-ақ банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 34 өтінішке түсініктеме беріліп, 4-і бойынша жұмыстар басталды.
11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
📷 8 (7292) 42 97 37, 8 778 387 46 43




