ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерСамат Мусабаев«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалында азаматтардың жеке өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 5 азаматтың өтініштері қаралды.
Кездесуге келген азаматтардың басым бөлігі - әйелдер. Олардың барлығы әлеуметтік жағдайларын айтып келген. Жалғыз басты, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған аналардың мәселесі ортақ-баспана. Екі ана 35 шағын аудандағы әлеуметтік жатақханада тұрады, алайда тұру мерзімі өтіп кеткендіктен, босату туралы ескерту алған. Сондай-ақ, тағы бір әйелді бес баласымен күйеуі тастап кеткен, ол да жатақхана мәселесін көтерді. Аналардың зарын тыңдаған кандидат, көтерілген проблемалар бойынша жедел анықтау мен шешу жұмыстарын жүргізіп, көмектесуге тырысатынын айтты.
Сондай-ақ, С. Мұсабаев қоғамдық қабылдау барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілгенін атап өтті. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету күшейтілмек.
«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!



