Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

23 желтоқсан күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 80 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 10, ауызша түрде 32, телефон арқылы 38.

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 7 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 6 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 24 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 19 сұрақ, 7 сұрақ білім саласы бойынша, денсаулық саласы бойынша 4 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 3 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 58 өтінішке түсініктеме беріліп, 22-і бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

📷 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
112

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz