ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Қоғамдық қабылдауда 6 тұрғыннан ауызша түрде өтініш келіп түсті.
Қабылдауға келген тұрғындарды негізінен газ сақтау қоймасының жұмысы, газ құю бекеттеріндегі кезек, карьердегі экология, аудандағы кадрды реттеу және де жұмыс күшін күшейту мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Сонымен қатар Тұщықұдық ауылынан шипажай салу бойынша ұсыныс айтылды.
Еділ Терекбайұлы қабылдау барысында өзіне жүгінген тұрғындарды жеке тыңдап, әрбір мәселе бойынша шешімді іс-әрекеттер қабылданатынын жеткізді.
