ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру, жер және тұрғын үй бөлу, жұмыссыздық, денсаулық саласы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 11 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 16 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 12 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 21 сұрақ, 10 сұрақ денсаулық саласы бойынша, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 5 мәселе айтылды. Сондай-ақ банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, кәсіпкерлік, білім салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 52 өтінішке түсініктеме беріліп, 30-ы бойынша жұмыстар басталды.
11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
📷 8 (7292) 42 97 37, 8 778 387 46 43
