ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
"Nur Otan " партиясының Түлкібас аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №221а мекен-жайы бойынша орналасқан. Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан өз жұмысын бастап кетті.
«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түлкібас аудандық мәслихаттағы депутаттығына кандидаттыққа үміткерлер Абилов Жұмабек, Адилбеков Сержан және партияның сенімді өкілдері кестеге сәйкес кезекті азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасы Заңнамасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
