Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелері көбірек алаңдататыны белгілі болды. 3 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 7 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 13 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 12 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 4 мәселе айтылды. Сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйесі, банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік, білім, денсаулық салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 37 өтінішке түсініктеме беріліп, 15-і бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
119

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz