ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
14 желтоқсан күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 52 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 9, ауызша түрде 10, телефон арқылы 33.
Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелері көбірек алаңдататыны белгілі болды. 3 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 7 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 13 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 12 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 4 мәселе айтылды. Сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйесі, банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік, білім, денсаулық салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 37 өтінішке түсініктеме беріліп, 15-і бойынша жұмыстар басталды.
11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.
