ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Қабылдау барысында алдын ала жазылған тұрғындармен онлайн режимде кездесу болды. Т.Жакипова онлайн кездесу барысында тұрғындардың тілегі мен ұсынысын қабыл алып, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Кездесуде Форт-Шевченко қаласының тұрғыны отбасылық жағдайын айтып, көмек қолын созуды сұраған болатын. Тұрғын өтінішін қабыл алған Т.Жакипова сол мезетте тұрғынның үйіне барып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды" демекші, жақсылық істеп жүрген жылы жүректі адамдарға алғыс айтамыз.

#BizBirgemiz
#NurOtanғадауысбер
#Sailau2021
#nurotan_tupkaragan
