ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫДАУ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА
14 сәуір күні Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Гүлбарам Елтайқызы Лұқпанова қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан азаматтары депутатқа гүл өсіру, абаттандыру, жасыл аймақ қалыптастыруды қайтарымсыз грантқа қатысу арқылы алу, Қараөзен ауылының тұрғыны дөңгелек жөндеу орталығын ашу үшін аз көлемде несие алу немесе қайтарымсыз грантқа қатысу, Жалпақтал ауылының тұрғыны қосымша кәсіппен шұғылдану үшін қыз жасау, дайындау мақсатында тігін машинасын алуға қайтарымсыз грантқа қатысу жөнінде сауалдарын қойды. Гүлбарам Елтайқызы сауалдарға жауап бере отырып, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп берді және толық ақпаратты алу үшін азаматтарды аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдады. Халық қалаулысы азаматтарға партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасы негізінде әзірленген «Жол картасын» түсіндіріп берді.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

