ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ.
Бүгін "Бақытты отбасы "партиялық жобасы аясында ҚР Президенті жанынан құрылған «Аналар кеңесі» және «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты жүргізу» кеңесінің дөңгелек үстелі болып өтті.

Кеңестің басты мақсаты – отбасы құндылығын сақтай отырып, қоғамдағы бақытты отбасы мәртебесін көбейту. Отбасындағы әйел құқығының тапталмауы көп түйінді мәселелердің шешімі бола алады. Ал, көпбалалы отбасылар қоғамдағы маңызды тақырыптардың бірі және оған қатысты мемлекеттің қамқорлығы да жетіп артылады. Білім, медицина, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Теңге ауылының Аналар Кеңесінің мүшесі көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып өтті.
