ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО АВТОДРОМЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРДІ
2020 жылдың 3 ақпан күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен АМТ мүшелері БҚО Мамандандырылған ХҚКО-ның автодромның жарамдылығына комиссиялық қарау өткізді.
Комиссия құрамына МҚІД-нің басқарма басшысы Б.С.Ибрашев, СЖІҚД бас маманы Е.Ерланұлы, ПД әкімшілік полициясының аға инспекторы М.К.Калибеков, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің сарапшысы Б.А.Өтегенов, БҚО АМТ басшысы В.С.Колпаков, «Атамекен» ӨКП мүшесі және «Батыс спецавтоматика» ЖШС басшысы И.Ю.Сутягина, «Автомектеп» ҚБ басшысының орынбасары Б.С.Айсакаев кірді.
Комиссия «Е» санаты бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды тапсырған кезінде жүк тіркемесі бар құрамның габариттері автодром параметрлеріне сәйкес келмейтіндігін анықтады. Осыған байланысты, комиссия «Е» санаты бойынша практикалық емтихандарды мотодромда ұйымдастыруды ұсынды.
Тиісті акт жасақталды.
Қазіргі уақытта БҚО Мамандандырылған ХҚКО-да арнайы жабдықталған автодромның болмауына байланысты, азаматтар «Е» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыра алмайтындығын естеріңізге саламыз (жүк тіркемесі бар құрамды жүргізу құқығы).
