Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КОЛЛЕДЖДАРДА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

9 тамызда Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жоғарғы медициналық коллеждінде медициналық мамандықтар бойынша гранттарға емтихандар басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің бастамасымен тест тапсырудың объективтілігін, ашықтығын және адалдығын қамтамасыз ету мақсатында бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторинг топтары мүшелері тартылды.

Тестілеуге барлығы 70 адам қатысты.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасынан бақылаушылардың арнайы топтары 2 мобильді құрылғы мен көптеген шпаргалкаларды алып өту фактілерінің жолын кесті.

Жан-жақты бақылауға қарамастан, тестіленушілер тестілеу бағдарламасының сұрақтарына жауап алу үшін телефондар мен шпаргалкаларды қолдана алды.

2 бұзушылық анықталып актіленіп, аудиториядан шығарылып нәтижелердің күші жойылып кетті.

1
0
251

Еще по теме