ҚОҒАМҒА АСА ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТЫҚ
ҚОҒАМҒА АСА ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТЫҚ
Мадалиева З.Б., психология ғылымының докторы, профессор;
Қасен Г.А., п.ғ.к., доцент,
Философия және саясаттану факультеті,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Сондықтан мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
«Бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары? Қазаққа мына заманда қандай мамандық қажет? Қандай мамандық иелері сұранысқа ие? Біраз уақыттаң кейін бұл таңдаған мамандығым тиімді бола ма? - деген сұрақтар туындау керек.
Бірақ жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Көбінесе диплом алып шықсам болды дейді. Бұл ретте мамандыққа деген сүйіспеншілік пен ықылас айдалада қалып тұрғаны рас.
Қазіргі заман ағымына сай адам да түрленіп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық дүниеге келді. Осыған орай мамандық таңдауға деген талғам өзгерді. Сол талғамынызға сай біз бір қысқаша пікір айтамыз.
Бүгінгі таңда «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда: білім беру, медицина және денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес, саясат, басқару, жарнамалау, т.б. салаларда.
Қазіргі тұрақсыз адами дағдарыс кезінде психологиялық шабуылдардан қорғану, қашу психологиялық көмекті қажет ететіні сөзсіз. Күнделікті жұмыста, отбасында, қоғамда адамдар түрлі психологиялық кедергілерге тап болып, агрессивті мінез-құлық көрсетеді және жеңудің орнына әлсіздік танытып жатады. Стресс, депрессияға жиі ұшырайды. Сондықтан бұл мамандықтың біздің елімізге қажет екені түсінікті жәйт. Осы орайда сұрақтар туындауы мүмкін. “Психология дегеніміз не?” “Бізге, менталитетімізді есепке алсақ, психолог маманы қажет пе?” “Қажет болса, оны жеткілікті деңгейде бағалай ала ма” және т.б. сұрақтар.
Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Психолог кез-келген кісінің оқиғасын тыңдап, жан дүниесімен түсініп, қолынан келер көмегін аямайтын тұлға. Өмірден түңілген жан болса, болашақ ғұмырына қызуғушылық отын жағып, тірліктің ақ пен қарадан тұратынын, ары қарай қадам басу керектігін ұғындырып, жарқын жаққа жол сілтейді. Сондықтан, психология – ешқашан өлмейтін, өшпейтін, қайта күн санап мәртебесі арта беретін болашақтың мамандығы деп есептейміз. Психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен де туындап отыр.
"Психология" бағыты бойынша кәсіби дайындықты көп жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы жүзеге асырып келеді.
"Психология" бағыты-бұл мамандандыру мен біліктіліктің кең спектрі, сондықтан білмейтін оқырман үшін мұнда ұсынылған білім беру бағдарламаларына толық экскурсия қажет болады.
Бакалавриат деңгейінде кафедра кең бейінді практикалық психолог мамандық бағыты бар білім беру бағдарламасын ұсынады:
- кәсіпорындарда және банк құрылымдарында;
- медициналық мекемелерде;
- әскери құрылымдарда;
- жалпы білім беру құрылымдарында;
- психологияны жалпы білім беру пәндері ретінде оқыту орта оқу орындарында;
- ұйымдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет орындарында (HR қызметкері ретінде);
- психологиялық және білім беру орталықтарында психолог-кеңесші, психолог-тренер ретінде;
-өмірдің әртүрлі салаларында адам қызметін талдаумен айналысатын сарапшылар ретінде;
- мемлекеттік ұйымдардағы кәсіби қызметтте (мысалы, сот-медициналық немесе әскери сараптама ұйымдарындағы сарапшының жұмысы).
Көріп отырғандай - мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Меңгерген мамандығың - жарқын болашағыңның кепілі. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан», – деп ұлы Абай айтқандай, адамның өмірден өз орнын тауып, қоғамға еңбек сіңіруі басты мәселе.
