Перейти к содержимому

Нысандар құрылысы – партия назарында

💎Сырым аудандық "AMANAT" партиясы филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ж.Ж.Кенжебаев Тоғанас ауылында салынып жатырған мәдени демалыс орталығының құрылысына бақылау жұмыстарын жүргізді. Тамыз айының басында басталған құрылыстың қарқыны жаман емес. Қазіргі таңда құрылыс нысанының қабырғасы құрастырылып, кірпішпен қаланып жатыр. Жұмыс графикке сәйкес орындалуда. 2023 жылға 80 пайыз жұмыстарын аяқтап, қалған жұмыстарын 2024 жылға қалдыру жоспарымызда бар дейді құрылыс басындағы азаматтар. Жұмысты жүргізуші мердігер «АқсайСтройСервис» ЖШС. Айта кетейік, жоба құны – 354,470 млн. теңге болатын нысан бір қабатты, жалпы алаңы 793,6 шаршы метр. Мерзімі – 9 ай. Ғимаратта спорт зал, акт залы және әдістемелік бөлмелері қарастырылған. Сәтін салса, 2024 жылдың көктемінде ел игілігіне берілмек. Бұл құрылыс жұмысына партия филиалы тарапынан нысан пайдалануға берілгенге дейін үнемі құрылыстың сапасына бақылау жүргізілетін болады. #AMANAT

0
0
187

Еще по теме

Нысандар құрылысы – партия назарында - Yvision.kz