Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol

"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасы – партияның бүкіл реформаларының заңды жалғасы саналады.

Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Бүгін партиямыздың дәл осы бағдарламасын таныстыру үшін Tүркістан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде және канвассинг шарасы аясында Жамбыл ауылдық округі Жалын елді мекенінде тұратын Дариға Оспанова әжеміздің шаңырағында болдым. 92 жастағы кейуананың 50 немересі, 30 шөбересі бар екен.

Әжемізбен болған кездесуімде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар екен айттым. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапқанын жеткіздім. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін түсіндірдім. Осылайша алдағы болатын сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдым!

0
0
105

Еще по теме

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol - Yvision.kz